Балаларға қауіпсіздік туралы

Балаларға қауіпсіздік туралы

Жазғы демалыста қауіпсіздік ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, "Дарын" жазғы сауықтыру лагерінде Глубокое ауданы ТЖБ қызметкерлері еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 350 баланы және 25 тәрбиеші мен тәлімгерді қамтитын іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құтқарушылар балаларға тұрмыста және демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі, өрттің шығу себептері, өрт кезіндегі тәртіп ережелері және судағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді. Балаларға жедел жәрдем нөмірлері туралы да ескертілді.