
ШҚО, Өскемен қаласында щұңқырға құлаған итті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарды. Куәгерлер бұл оқиға туралы "112"қызметіне хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, шұңқырдан "байқұс" итті алып шығып,оны босатты.
Итті көру мүмкін емес еді,ол шөппен қопсытылған құдықта болды. Оны шығару үшін алдымен шөптерден арылу керек болды. Содан кейін құтқарушы баспалдақпен төмен түсіп, жануарларды аулауға арналған ілмекті итке лақтырып,оны аман-есен алып шықты.
Жануарды ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері құтқарғаны нақтыланды. "Біз үшін әр өмір маңызды!"- деп қосты бөлімше.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.