
"Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешен" базасында жұмыс істейтін жазғы балалар лагерінің тәрбиеленушілеріне жағажайларда және демалыс, өрт қауіпсіздігі аймақтарында болу ережелері туралы айтылды.
Құтқарушылар сонымен қатар ұлдар мен қыздарға көмекке келетін жабдықтар мен техниканы көрсетті. Балалар ТЖ қызметі қызметкерлерінің жауынгерлік киімдерін киіп көрді.
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев: "Балаларға мәдени демалу, қауіпсіз өмір салты дағдыларын үйретеміз, жазатайым оқиғаларға жол бермеуді және төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін естеріне саламыз", - деді.