
Алтай ауданында кішкентай құлын құдыққа түсіп қалды. Жануардың құдыққа түскенін куәгер хабарлады.
Оқиға орнына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері шықты. Келгеннен кейін ТЖ қызметкерлері құдыққа түсіп, салмағы 40 келі құлынды қолмен көтеріп алып шықты. Бүкіл құтқару операциясы бойында оның "енесі" құдықтың жанында жүрді. Құлыны құдықтан шығарылғаннан кейін, құтқарушылар оны "енеңе тезірек бар" деп шығарып салды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.