Волейболдан Шемонаиха ауданының құтқарушылары үздік шықты

Волейболдан Шемонаиха ауданының құтқарушылары үздік шықты

Облыстық турнирге 14 команда мен төтенше жағдайлар қызметінің ардагерлері қатысты.

Спортшылар өз шеберліктері мен жеңіске деген құлшынысын көрсетті.

«Құтқарушылар волейболды жақсы көреді, бұл ойын батырлық мамандық иелерін біріктіреді және олардың спорттық шеберлігін, физикалық төзімділігін, жеке құрамның жылдамдығы мен командалық әрекеттерінің үйлесімділігін арттырады», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Жарыс нәтижесінде Шемонаиха ауданының No28 және No17 өрт сөндіру бөлімдерінің құрама командасының спортшылары үздік атанды. Олар жарқын ойын және кәсіби шеберлік көрсетті.
Екінші орын Марқакөл а. No31 ӨСБ құтқарушыларына бұйырды. Үшінші орынды – Өскемен қ. № ПЧ-9 өрт сөндірушілері иеленді.
«Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша - Өскемен қаласының ПЧ-9 өрт сөндіруші-құтқарушысы Асхат Қанатбеков,

«Үздік ойыншы» - Шемонаиха қ. 28 ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Ерасыл Слямбеков

«Үздік бұғаттаушы» - Марқакөл а. 31 ӨСБ жүргізуші-қызметкері Бауыржан Шаймарданов

«Үздік либеро» - өртке қарсы қызмет ардагері Ералы Қожанжаров.

«Үздік байланыстырушы» - Марқакөл а. 31 ӨСБ Жақсылық Рахымбаев

Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.