ШҚО ТЖД бастық тағайындалды

ШҚО ТЖД бастық тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті  бастығының міндетін уақытша атқарушы болып, бұған дейін ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған полковник Блялов Рашид Бекетұлы тағайындалды. Рашид Блялов 1973 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген Ұжымға жаңа басшыны ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы С.Т. Жүнісбеков таныстырды. Ол Рашид Бляловты Төтенше жағдайлар жүйесінің ерекшеліктерін білетін тәжірибелі және сауатты маман ретінде сипаттады. 2001 жылы Қазақстан Республикасы ТЖА Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі»- өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылдан бастап қызметте. Әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған 2012 жылы-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары. 2021 жылдан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған. ІІІ, ІІ. I дәрежелі «ТЖ алдын алужа және жоюда үздік шыққаны үшін», «Ішкі істер органдарының ардагері медальдарымен марапатталған.