ШҚО Зайсан ауданында "ЖЕР - 2024" РКШОЖ дайындық бойынша жұмыс кеңесі өтті

ШҚО Зайсан ауданында "ЖЕР - 2024" РКШОЖ дайындық бойынша жұмыс кеңесі өтті

"Жер - 2024" оқу-жаттығуларын сапалы өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 31 мамырында Зайсан ауданының әкімдігінде аудан әкімі Аэлита Ахметсалимкызының төрағалығымен Жетісу облысының және Зайсан ауданының азаматтық қорғау қызметтерінің мамандарымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында аудан әкімі бөлімшелер мен ұйымдардың дайындығы туралы баяндамаларды тыңдады.