Құтқарушылар балаларды қорғау күніне орай спорттық сайыс өткізді

Құтқарушылар балаларды қорғау күніне орай спорттық сайыс өткізді

Балалар қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудару және өскелең ұрпақтың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары «Анам, әкем, мен – қауіпсіз отбасым» атты спорттық мереке өткізді.

Іс-шарада балалар ата-аналарымен бірге құтқарушы мен өрт сөндірушілер мамандығына қажетті жылдамдық пен ептілікті көрсетті. Барлық командалар алға қойылған міндеттерді орындап, жауынгерлік рух пен ептілік танытты. Іс-шара барысында қуаныш пен толқу болды.

1 орынды Өскемен қаласы 5-ӨСБ «Жас қыран» командасы -Масғұтовтар отбасы иеленді.

2 орын Өскемен қ. 6 ӨСБ «Сұңқар» командасы - Баталовтар отбасы

3 орын Өскемен қаласының мамандандырылған жасағы «Бірлік» командасы - Қайрғазиновтар отбасы.

«Отбасылық спорттық мерекелер – ол әрқашан қарым-қатынасты нығайту, командалық ойындар және белсенді уақыт өткізуден әсер алу. Ең бастысы – балаларды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына үйрету» – деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Айдын Мұстафин.

Департамент мамандары балаларға өрт оқиғасына қалай тап болмау керектігін еске салды, ал ересектерге балаларды қараусыз қалдырмауға және олар үшін оқиғалардың алдын алу ережелерін сақтауға шақырды.

Мереке әсерлі болды, ең бастысы балалар мен олардың ата-аналары үшін есте қаларлықтай болды!