
31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ қызметкерлеріне саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты, «АЛЖИР» (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) туралы мәлімет беріліп, Өскемен қ. О.Бөкей атындағы кітапханасында «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенін видео арқылы көрсету ұйымдастырылды. Ондағы мақсатымыз жас қызметкерлердің бойларына патриотизмді, ерлікті, жігерлікті сіңіру. Бұл көріністен олар үлкен әсер алып қайтты. Олардың тарихи тағдырларымен танысып, өздеріне сабақ алды. Осындай іс-шаралар ШҚО ТЖД барлық құрылымдық бөлімшелері мен бағынысты мемлекеттік мекемелерінде жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық Құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз» деген сөздерін әрбір ұрпаққа жеткізіп отыруымыз қажет.