
Бүгін Өскеменде Юбилейная көшесінде "УАЗ"маркалы автокөлік өртенді. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер 2 ш. м. алаңда жануды жойды.
Мұндай апаттың алдын алу үшін ШҚО ТЖД мамандары автокөлік жүргізушілеріне көлік капотының астынғы жағына жиі қарап, ақауларды уақытында жоюға кеңес береді. Сондай-ақ, өрт сөндіргіш болуы керек.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтай отырып, сіз өзіңіздің көлігіңіздің қауіпсіздігіне сенімді бола аласыз.