Өңірде құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде

Өңірде құтқарушылар су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізуде

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғындармен және өзен кемелері мен трамвайлары иелерінің өкілдерімен профилактикалық нұсқаулықтар ұйымдастырды.
Құтқару кеудешелерінің болуына және жолаушылар үшін қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Ата-аналарға балаларды судың жанында қараусыз қалдырудың қауіптілігі және өзендер мен су айдындарының жанында демалуды таңдап, қырағылық таныту қаншалықты  қажет екендігі жеткізілді.

ҚР ТЖМ еске салады: су қателерді кешірмейді.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.