
Өскемен қаласы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы саябақ ашылып, батырға ескерткіш орнатылған.
Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай ШҚО ТЖД жеке құрамы ескерткішіне барып қайтты. Мұндағы мақсат- ұлт қаһарманының ел жадынан өшірмеу. Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі түрлі қиындықтарға қарамастан, еліміздің қарулы күштерінің техникалық базасының іргетасын қалады. Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі С. Нұрмағамбетовтың қысқаша өмірбаяны жеке құрамға жеткізілді. Жас ұрпақ өзіміздің арамыздан шыққан батыр, қайраткерлерін білу қажет.
Бұл саябақ қаланың тағы бір көрікті жеріне айналатыны сөзсіз.