
6 шілдеде Қазақстан халқы Астана күнін атап өтеді. Биыл Нұрсұлтанның еліміздің бас қаласы болып қаланғанына биыл 22 жыл толып отыр. Жалпы, Астана күнін мемлекеттік мереке деп жарияланудың тарихи-мәдени мәні айрықша зор және Қазақстанның Республикасының жетістіктерінің нышаны болып табылады.
Елорданың мерейтойында ерекше патриоттық рухты әндер мен құттықтау өлеңдерін өрт сөндіруші өрендер онлайн концертін парақша оқырмандарының назарына ұсынды. Осылайша төтенше жағдай қызметкерлері айтулы күнде ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осы күні Сәулеті мен сәні жарасқан бас қаламызға барлығы көруге ынтық болып жүрген дүниежүзілік шаһарлардың деңгейіне жетті. Нұр-Сұлтан қаласы одан әрмен қарыштап дами берсін, гүлдене берсін, азаматтарымыз бақытты болсын!