Су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайлар комитетімен жұмыс белгіленді

Су тасқыны кезеңінде Төтенше жағдайлар комитетімен жұмыс белгіленді

Біздің жалпыұлттық мереке - Қазақстан Республикасының елордасы күні қарсаңында, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің грамоталарымен, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Бесқарағай ауданының әкімі - Байбеков Шалқар, Шемонаиха ауданының әкімі – Акулов Григорий, ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы – Чикенов Елдос, Азаматтық қорғауды қамтамасыз ету және ТЖ алдын алу бөлімінің басшысы – Сенько Людмила марапатталды, сондай-ақ ШҚО МИ - 8 әуе бөлімінің командирлері - Ильин Алексей және Будников Андрей марапатталды.

Барлық марапатталғандар өздерін 2020 жылғы су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуі бойынша жұмыста көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы облыста, кейбір аудандарда қардың рекордтық мөлшері түсіп, уақытылы жүргізілген алдын алу шаралары - қарды шығару, арықтарды, каналдарды және су өткізу құбырларын тазалау, су бұру және жарылыс жұмыстарының арқасында өңірде су басуға жол берілген жоқ.

«Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының атынан өңірде су басуды болдырмау - күрделі міндеттерді шешуге қатысқан барлық адамдарға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздер алдын ала жұмыс істеп, тәулік бойы жағдайды бақылап, ағымдағы мәселелерді жедел шештіңіздер. Сіздердің белсенді жұмысыңыз халықты табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мәселелердің кең ауқымын одан әрі шешуге ықпал ететініне сенімдіміз - ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Титов.