
Мария Васильевна Аникина сұрапыл соғысты басынан өткізген жан. Өзінің денсаулығын аямай фронтқа көмек беріп, консерві банкілерін ленталарға жіберіп 12 сағат бойы ауысымда болған. 1960 жылы Мария Аникина өртке қарсы қызметке жұмысқа түскен. 15 жыл бойы өртке қарсы насихаттау жүйесінде болды, өртке қарсы қауіпсіздікті бұзушылықты анықтап, газет беттеріне материалдар дайындап, нұсқаулықтар дайындап өткізді. М. Аникинаның бастауымее теледидардан бірнеше видеосюжеттер, өрттерді алдын алу бойынша оқу фильмдері жасалды. Инспектор М. Аникина облыстың райондарына барып өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттады.
М. Аникина Шығыс Қазақстан облысы өртке қарсы қызметінің тарихында үлкен орын алды. Оның көз алдында қаншама өрт сөндірушілер қызмет етті. Олардың барлығы М. Аникинаға өз алғыстарын білдіріп, бас иеді.