Риддер қаласында 5 қабатты үйде болған өрттен адамдар мен жануарлар құтқарылды

Риддер қаласында 5 қабатты үйде болған өрттен адамдар мен жануарлар құтқарылды

03.07.2020ж. риддер қаласында 5 қабатты үйлердің бірінде өрт болды. 4 қабаттағы өрт шыққан үйде 1936 жылғы азамат болған, ол темекі шегіп, оны өшірмеуінің салдарынан да болуы  мүмкін. Өрт сөндірушілерге хабарлама  9:51-де көршілерден түсен болатын, олар өрт сөндіру бөліміне хабарласып, ары қарай ер азаматты өздері құтқаруға кіріскен, ер азамат өзінің  жас ерекшелігіне байланысты өз еркімен шыға алмады. 2 минуттан кейін өрт орынына өрт сөндірушілер келіп, қауіпсіздік үшін 27 адамды эвакуациялады, оның ішінде 7-еуі балалар. Сонымен қатар 5 қабатта тұратын аяғы сынған азаматты және оның итін эвакуациялауға тура келді, себебі ит қорқыныштан өз еркімен шыға алмады. Өрт аумағы 2кв.м. , жанған диван. Үй қожайыны медициналық орталықта тексерілуде. Үй тұрғындары зардап шекпесе де, өте қатты қорқып қалған. Өрттің 1/3 бөлігі адамдардың өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан болып келеді, олар өз өмірі мен денсаулығын қауіпке тіге отырып, басқалардың өміріне де бей-жай қарайды.  Риддер қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі – өрт кезіндегі өлімнің көп бөлігі, төсекте жатып темекі шеккеннен болатынын хабарлайды. Сөндірілмеген темекі қалдығы, басқа материалдарға тиіп, түтіндеп, соның салдарынан адамдар жанған заттардың түтінінен уланады. Мұқият болып қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар.