Ұлттық домбыра күні өрт сөндіруішілер күй орындады

Ұлттық домбыра күні өрт сөндіруішілер күй орындады

Домбыра – көнеден жалғасқан асыл мұра, көзіміздің қарашығы әрі ұлттық мұрамыздың айнымас бөлігі. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір, Дина сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше. Алпыс екі тамырды идіріп, ет жүректі елжіреткен қоңыр домбыраның киелі үні кез келген жан баласын таңырқатпай тұрмас. Аталмыш мерекеге орай, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай қызметкерлерінің орындауында танымал композиторлардың күйлері шырқалды.   

Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, рухани тереңдікке тәрбиелейміз десек, бұл онлайн шараның мәні орасан зор. Домбыра секілді музыкалық аспап ұлтымызды осылай біріктіріп, рухымызды көтеретіні анық. Оған дәлел бүгінгі көмейінен күмбірлі күй төгілген қасиетті қазақ аспабы. Әрбір орындалған туындының өзіндік астары, айтар ойы бар сынды.

Кәдуілгі күнде негізгі жұмыстарымен қоса алып жүрген өнері үстем құтқарушыларда аз емес арамызда. Абай ауданының 46-шы Өрт сөндіру бөлімінің қатардағы өрт сөндірушісі Берікболов Таңжарық «Тау ішінде» әнін домбыраның әсем үнімен үйлестіре шырқады. Сонымен қатар Рахымғазы Даурен Күршім ауданының №30 бөлімінің бастығы, азаматтық-қорғау капитаны «Ерке сылқым» күйін орындады. Осылайша әрқайсысы домбыра күніне киелі аспаптың құлағында ойнау арқылы өнерлерін ортаға салды.

        Жаздың алғашқы күнінде бүкіл қазақ даласы күмбір күйін төккей, көктегі күн нұрын төккей, домбырасын қолға алып, әуелете әнін салғай. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп Қадырша қайырайық.