Жеке құрам арасында экстремизмнің алдын алу

Жеке құрам арасында экстремизмнің алдын алу

ШҚО ТЖД-да жеке-тәрбие жұмысы аясында «ШҚО Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ өкілдері Бекжан Қасымжанов пен Сәуле Саиновамен кездесу өтті, олар радикалды псевдоисламдық ұйымдардың идеологиялық ерекшеліктері мен белгілері туралы айтып, «діни терроризм» ұғымын ашты.

Бұл мәселенің құқықтық аспектілері де қарастырылды, атап айтқанда азаматтар білмей қандай қылмыстар жасайды. Сонымен қатар, Бекжан Қасымжанов интернет арқылы деструктивті діни секталарға азаматтарды тарту тәсілдері және осындай ұйымдарға тартылуға неғұрлым бейім адамдардың санаттары туралы айтып, діни білім алудың ұсынылған көздеріне тоқталды.

ШҚО ТЖД жеке құрамының арасында орталық мамандары терроризмге қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетті.

Департамент қызметкерлері әңгімеге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.