Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысында 6 өрт оқиғасы орын алды

Өткен тәулік ішінде Шығыс Қазақстан облысында 6 өрт оқиғасы орын алды

Кеше Шемонаиха ауданында 2 өрт тіркелді. Қаланың өзінде, екі үй иесіне арналған тұрғын үйде, жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайтын үйдің алдына құрастырылып салынған веранда мен шаруашылық жай жанып кетті. 28 бөлімнің өрт сөндірушілері отты 2 сағат дегенде ауыздықтады.

       Екінші өрт Барашки ауылында болды.Тұрғын үй аумағындағы 15 тонна шөп отқа оранды. Жалынды 29-Өрт сөндіру бөлімінің және шаруа қожалығының күштері мен құралдарының көмегімен сөндірді.

       Күршім ауданы Қалжыр ауылында, жеке тұрғын үйдің ауласында, 50 шаршы метр аумақта ағаштан салынған тұрмыстық жайларды жалын құшты. Өрт сөндірушілер, тірек пункті мен жергілікті атқарушы органдары өртті ауыздықтады.

      Осыған ұқсас оқиға Аягөз ауданында Майлин ауылында болды. Онда 20 шаршы метрдегі қора жайлар өртенді.

      Сондай-ақ, Үржар ауданы Елтай ауылының Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртті сөндіруге шықты. Кенеттен, қораның жанында жиналып тұрған отын өртенді, содан құрылыстың өзі өртенді. От 30 шаршы метр аумақта өшірілді.

       Өрт сөндірушілер барлық оқыс жағдайдың орын алуының себебі – өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмауынан деп отыр.

      Зардап шеккендер мен зақым алғандар жоқ. Халықтың отпен абай болуларын сұраймыз.