Өрт сөндіру қызметкерлерінің арасында абыз ақын Абайдың мерейтойы аталып өтті

Өрт сөндіру қызметкерлерінің арасында абыз ақын Абайдың мерейтойы аталып өтті

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын меркелеу аясында «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен құрылымдық бөлімшелері арасында мемлекеттік тілде «Абай өлеңдерін үздік мәнерлеп оқушы» онлайн-байқауы өтті.

 «Абай сөздері дүниеде қалғаны зор бақыт... Абайды қазақ баласы тегіс білуі керек», - деп ұлы ұстазымыз Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ертеңгі келер ұрпақтың жан дүниесін Абай сөзімен тәрбиелеуде атқарылар қыруар іс атаулының бәрі де ұлттық, мемлекеттік міндет ретінде алға қойылса керек-ті. Осы сөздерден қанат алатын өрт сөндіру және құтқару қызметінің қатарында жүрген қызметкерлерде қалыс қалмай ақынның өлеңдерін оқудан жарысқа қатысу арқылы әдебиетіміздің ұлы ойшылын мерейтойын атап өтуде ада қалмады.   

          Конкурс қызметкерлердің азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесін, поэзияға, классикалық тілдің тазалығы мен сұлулығына қызығушылықты қалыптастыру, дарынды қызметкерлерді анықтап, қолдау және мадақтау мақсатында өткізілді.

          Сайыстың финалисттері арасындағы жарысы өте қызықты және тартымды өтті. Қатысушылардың барлығы дерлік дайындықтары мығым екендігі көрсетті.

        Комиссия мүшелерімен байқауға қатысушылар арасында үздік орындалған бейнероликтер іріктелінді және аталған бейнероликтер «ӨСжАҚЖҚ» ММ Инстаграмына дауыс жинау үшін орналастырылды.

        Парақша оқырмандары дауыс беруге белсенді түрде ат салысып, өздерінің ыстық ықыластары мен пікірлерімен бөлісіп отырды.

     Дауыс беру нәтижесі мен қазылардың шешімі бойынша «үздік мәнерлеп оқушы» анықталды. Ең көп лайк жинаған бейнеролик Бородулиха ауданының қызметкері ең үздігі болып танылып, жүлделі бірінші орын иегері өрт сөндіруші Қанапиянов Елдар атанды. Екінші орында - Өскемен қаласы 4-ӨСБ диспетчері Қанатбаева Назира орнықты.Үшінші орын жүлдегері – Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылының 35-ӨСБ өрт сөндірушісі Амангелді Жандос атанды. Ал «Ең эмоционалды орындаушы» номинациясын Семей қаласының № 13-ӨСБ радиотелефонисі

Карипова Ақерке және «Орындау шынайылығы үшін» номинациясын Жарма ауданы 50-ӨСБ өрт сөндірушісі Мұратханұлы Нұрбек еншіледі. Сонымен қатар «Ең лирикалық орындаушы» атағына Өскемен қаласының 10-ӨСБ бөлімше командирі Төлепбек Берік лайық деп саналды. Жеңімпаз иелері сыйлықтармен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

     Біздің мекеме атынан барлық конкурс қатысушылары мен лайық деп баға беріп лүпілдерін аямай жаудырған инстаграм парақшасының жанашыр оқырмандарына алғысымызды білдіреміз.