Өрт сөндірушілер тұрғын үйде шарпыған өртті сөндірді

Өрт сөндірушілер тұрғын үйде шарпыған өртті сөндірді

Зайсан каласында Ғабитов көшесінің бойында орналасқан, 2 иесі бар жеке тұрғын үйде өрт болды.Үйдің төбесі, жиһаздар және жеке заттар жанып кеткен.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 100 шаршы метр аумақты алатын өртті сөндірді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі-электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамау.