Орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Жылдың ыстық мезгілі басталғаннан бері жыл сайын орман және дала өрттерінің саны артып келеді. Мұндай өрттер үлкен алқаптарға тарала отырып, орман-дала өрттеріне өтіп, өртке қарсы қызмет күштері мен құралдарының көп санын жоюға жұмылдыра отырып, елді мекендерді өртке қарсы қорғаусыз қалдыра отырып, ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіреді.

Табиғи өрттердің пайда болуының басты себебі бұрыннан белгілі: көптеген жағдайлар адамдардың іс-әрекеттерімен байланысты. Кінәлі алаңғасарлық, немқұрайлылық және мәдениетсіздік. Тасталған темекі, сөндірілмеген алау-осының барлығы жануға және ауыр зардаптарға әкеліп соғады. Табиғи өрттердің алдын алудың бірден-бір шарасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау болып табылады.

Осы себепті, Күршім ауданының төтенше жағдай бөлім қызметкерлері аудан аумағындағы орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және өрт фактілірін алдын алу мақсатында 6 рейд жүргізіп, 45 адам қамтылды.  Рейд барысында ауылшарушылық тауар өндірушілерімен 3 әңгіме өткізіліп, 3 шаруа қожалықтарының басшыларына орманды дала аймағында орналасқан нысандарды өрттен қорғау бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, су айдындарында жүргізілген рейдтер барысында, демалушыларға орманды дала аймағында от жағуға тыйым салу туралы талаптар қойылды.

Күршім ауданында жыл басынан бастап өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 336 бабына сәйкес, ауданымыздың 11 тұрғыны ескерту түріндегі жауакершілікке тартылған болатын.

Есте сақтаңыз! Сіздің өрттің алдын алу бойынша іс әрекетіңіз тек табиғатқа қана емес, адамдардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне де әсер болып саналады.