На одном из любимых мест отдыха Восточноказахстанцев произошло загорание сухой травы

На одном из любимых мест отдыха Восточноказахстанцев произошло загорание сухой травы

Құрғақ ауа райы мен жел демалушылардың толық сөндірмей кеткен оты өрттің таралуына әсерін тигізді. Дубигалинский көлінде қашанда көптеген адамдар демалады, олар арнайы демалыс базаларында ғана емес, сонымен бірге қауіпсіздік ережелерін сақтамай, «жабайы орындарда да» демала береді. 29 маусымда 45 гектар жерде «Окунки» және «Қараша Әлішер» демалыс орындарының маңында жану орын алды. Құрғақ шөптің жануы туралы хабар келіп түскен бойда ауылға жақын орналасқан  өрт сөндіру бөлімінен 9 қызметкер сол жерге жөнелтілді. Ұлан ауданының Таврия елді мекенінен және жергілікті атқару органдарынан 5 адам отты ауыздықтауға қатысты. Күшіне енген желден оттың үлкен аумаққа таралуы жалғаса берді, Өскеменнің арнайы жасағынан қосымша 22 адам көмекке жіберілді.

Олар өртті кешке ғана сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, демалыс орындары зиян шекпеді.

Демалушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерні сақтамау қайғылы салдарға әкеп соқтыратынын ескертеміз, сондықтан сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылдары бей-берекет лақтыруға болмайды, белгісіз жерлерде от жағуға, бөтелкелер мен шыны сынықтарын өзіңізден кейін қалдыруға тыйым салынады. Егер сіз жануды байқасаңыз, бұл туралы дереу «101» телефоны арқылы хабарлаңыз.