Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау өртке әкеп соқты

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау өртке әкеп соқты

Алтай ауданы Тұрғысын ауылында 2 иесі бар жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 1981 және 1980 жылы туған екі тұрғын өртті өз беттерімен сөндіруге әрекеттену кезінде термиялық күйік алған.

Оларға жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетті.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 90 шаршы метр аумақта өрт толығымен сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды барынша қырағы болуға шақырады.

электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз,

Бірнеше электр құралдарын бір розеткаға бірден қоспаңыз.