
Өрт қауіпті кезеңде дала және орман өрттерінің қаупін азайтатын профилактикалық жұмыстарды дер кезінде жүргізу өте маңызды.
«Өрттің бақылаусыз таралуын болдырмау үшін өрттің алдын алу шараларын жүргізу қажет. Олар өрт қаупі бар аумақта жүргізілуде», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Жер жырту қандай объектілерді қорғайды?
- Орман және дала өрттерін болдырмас үшін ормандар мен дала массивтерiнде орналасқан санаторийлердiң, демалыс үйлерiнiң және басқа да сауықтыру мекемелерiнiң (соның iшiнде жазғы балалар үйлері, балалар сауықтыру лагерьлерiнiң) аумақтары орман кезiнде өрттің таралу мүмкiндiгiн болдырмайтын периметрi бойынша қорғаныш минералданған жолақпен қамтамасыз етiлуге тиiс;
-Жер жырту орманды шаршыларға бөлу сызықтары бойынша, сондай-ақ орман алқаптары арқылы өтетін орман және негізгі жолдар бойымен жүргізіледі. Бұл өрттің таралуына кедергілер жасауға және ықтимал өрттерді сөндіру үшін бақылау жолақтарын қамтамасыз етуге көмектеседі.
-Теміржол желілері мен инфрақұрылым маңында да жер өңдеу жұмыстары жүргізіледі
- Далада өрттің алдын алу және ауылшаруашылық алқаптарын қорғау мақсатында ауылшаруашылық техникаларының ұзақ мерзімді тұрақтарының айналасында.
-Ауылдық елді мекендердің шекарасында өрттің таралуына тосқауылдар жасау және елді мекендерді ықтимал қауіптерден қорғау үшін жер жырту жұмыстары жүргізіледі.
- Орманды және далалық алқаптарға іргелес жатқан жерлердің барлық меншік иелері мен жалға алушылар жыр жырту жұмыстарын жүргізуге міндетті. Ол кем дегенде 4 метр болуы керек.
Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 12,5 гектар аумақта 7 дала өрті орын алды. Өрттердің шығуына тұрғындардың отқа абайсыз қарауы себеп болған.