Өрт сөндірушілер сауда үйіндегі өртті жойды

Өрт сөндірушілер сауда үйіндегі өртті жойды

10 мамырда Өскемен қаласында Өтепов көшесінде бірінші қабаттағы сауда үйінде өрт болды. Нысанда өрт дабылы іске қосылып, күзет фирмасы түтін шыққанын көріп өрт сөндірушілерді шақырды.
ТЖД-ның келген бөлімшелері барлау жүргізіп, газ-түтіннен қорғаушылардың буынын құрып, тоңазытқыштың жанып тұрған бөлшектері мен сөрелерін тапты.
Өрт сөндірушілер, 10 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада өшірді, зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

ТЖД кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды,
Электр жабдықтары мен электр желісінің жағдайын бақылауды сұрайды