ШҚО ТЖД офицерлері Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

ШҚО ТЖД офицерлері Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

Ұлы Отан соғысында жеңіс үшін күресіп өз өмірлерін қиған жандарды еске алуға ШҚО ТЖД офицерлері келді.
Олар мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

“ Біз бүгін жеңіске жету жолында қаза тапқандарды еске алып, басымызды иеміз және ардагерлерімізге бейбіт күніміз үшін алғыс айтамыз” деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Е.Ж. Бахаев.