ШҚО ТЖД Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты марапаттау өтті

ШҚО ТЖД  Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған салтанатты марапаттау өтті

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арналған қызметкерлерді салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

«Жылдың басынан Шығыс Қазақстан өрт сөндірушілері мен құтқарушылары әр түрлі төтенше жағдайларға 1200 рет шықты, нәтижесінде 145 адам құтқарылып, 700 азамат көшірілді» деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Жарасбекұлы Бахаев.

ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен құтқарушылары күн сайын кез-келген уақытта адамдарды, жануарларды, мүліктерді құтқаруға біздің қауіпсіздігіміз үшін сапта дайын тұрады, бірақ өздерін ешқашан батырмыз деп санамайды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты 17 қызметкер марапатталды.

Қызмет ардагерлері мен зейнеткерлері, ШҚО ТЖД қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерін ұмытпайды.

Дәстүр бойынша бұл күні Еске алу стелласына гүл шоқтары мен веноктар қойылды.