
Тыл еңбеккерлеріне ТЖ қызметінің қызметкерлері әдемі мереке өткізді
Ұлы Отан соғысын басынан өткерген адамдарға арналған Ардагерлер үйінде сол жылдардың ерліктерін, естеліктерін еске алу үшін ТЖД офицерлері соғыс жылдарындағы әндерді айтып, ботқа дайындап, ағаштар отырғызды.
Сол қиын жылдардың ұрпағы бәріміз үшін ерекше. Біздің міндетіміз-олардың ерлктерін есте сақтау, оларға қамқорлық таныту. Біз жыл сайын әр түрлі іс-шаралар өткіземіз. Жеңіс күні-елеміздің баға жетпес тарихы, ондағы әрбір сөз - өскелең ұрпақтың үздік тәрбиешісі болып табылады. «Бүгінгі парызымыз оларды есімізде сақтау» -деп ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев атап көрсетті.