Алтай ауданындағы жағдай бақылауда

Алтай ауданындағы жағдай бақылауда

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейінің көтерілуі байқалды.
Су басу қаупі бар аймаққа 5 тұрғын үй және 24 үй маңындағы аумақ кіреді.

Аудан әкімдігі мен ТЖД-ның уақытылы іс-қимылдарының арқасында тұрғын үйлерді су басудан қорғауға мүмкіндік туды. Жауын-шашынның болжамы бойынша жағалаулар алдын ала нығайтылып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі уақытта суды бұру үшін ауыр техника жұмылдырылды.

 Аэровизуалды тексеру үшін "Ми-2" тікұшағы шұғыл ұшып шықты, оның бортында ТЖД бастығы Е. Бахаев пен облыс әкімінің орынбасары Е. Байахметов.

Алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін Алтай ауданына ТЖД,  ТЖМ 68303  әскери бөлімінің күштері мен құралдары топтастыруы жіберілді.