
Өскемен қаласында Астана көшесі бойында бес қабатты үйдің 4 қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді.
Оқиға орнына жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері қауіпсіздік мақсатында 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың бірі бала.
Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды.
ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.