Өрт сөндірушілер таудағы өртті ауыздықтады

Өрт сөндірушілер таудағы өртті ауыздықтады

Бүгін Алтай ауданы Березовка ауылы маңында таулы аймақта құрғақ шөп пен бұта өртенген. Жалпы 1.8 га аумақты жалын шарпыған.
Оқиға орнына жедел жеткен ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері өрттің таулы қиын жерде болғанына қарамастан сөндірді.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.