
2024 жылдың басынан бастап өңірде ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері пәтер тұрғындарының тамақты қараусыз қалдырылған жағдайына қатысты 30-дан астам шығуды жүзеге асырды.
Соңғы жағдай Өскеменде Қазақстан көшесі бойында болғды. 5 қабатты үйдің 3-қабатындағы үйде пеште қалған тағамның кесірінен 6 шаршы метрге перделер мен ас үйдің созылған төбесі жанып кетті.
"Тамақ жанған кезде түтін пайда болады, ол тіпті пәтерден тыс жерде де таралады. Жоғары температурадан жанғыш материалдар жануы мүмкін. Пластмассадан жасалған бұйымдар, мысалы, табаның тұтқалары немесе кесу тақтасы ери бастайды. Бұл ретте Пластмасса улы заттарды бөледі", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.
Тамақты пеште қалдырғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін еске салады:
- тамақ қыздырылатын электр плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
- плиталарды перделер мен жанғыш материалдардың жанына қоймаңыз;
-егер сіз шаршасаңыз, демалыңыз және демалғаннан кейін ғана тамақ дайындауды бастаңыз;
- пәтерде өрт сөндіргіш болуы пайдалы.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.