
2024 жылғы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығында білім басқармасымен бірлескен «2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз және сапалы жазғы демалысын, сауықтырылуы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» атты облыстық семинарында болды. Сондай-ақ семинарға облыстың қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшылары, жазғы сауықтыру демалысының жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлерінің директорлары қатысты.Семинар барысында жазғы демалыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі, суда сақтық шараларын сақтау ережелері бойынша сұақтар қозғалып талқыланды.