
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына пресс-тур өткізіліп, оған Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкерлері де қатысты. Облыстық БАҚ тілшілерімен бірлесе отырып Күршім өзенінің жағалауындағы бөгеттер араланып, су тасқынының алдын алу жұмыстарына бақылау өткізілді. Сондай-ақ өңірдегі өрт қауіпті кезеңіне байланысты, Күршім ауданы 30 ӨСБ бастығы м.а. Дәурен Рахымғазы өрт сөндіру бөлімінің техника құралдарының дайындығын көрсете отырып, жеке құрам ұдайы әзірлікте екенін баяндады.