
Өскемен қаласындағы "Алтын дән" балабақшасында қызықты және танымдық іс-шара өтті.
Балалар ТЖ қызметкерлері үшін қауіпсіздік туралы білімдерін көрсете отырып, тұтас "шоу" дайындады және қызықты эстафетаға қатысты. Старт берілгеннен кейін балалар жарысқа ынта-жігермен кірісті. Әсіресе, командалардың капитандары арнайы құрал-жабдықтар киіп, қазылар алқасына нағыз өрт сөндірушілер сияқты құрмет көрсетті. Ұлдар мен қыздар сыйлық ретінде тақырыптық дәптерлер мен медальдар алды.
"3-4 жас балаға қауіпсіздік негіздерін айту үшін оңтайлы болып саналады — дейді ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бас маманы Әйгерім Сагидуллина - балалар өрт, жер сілкінісі, су тасқыны қаупі неде екенін түсінуі керек. Осы сұрақтардың барлығына балада қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін толық жауаптар болуы керек".
Сабақ балаларға үлкен әсер қалдырды, енді олар көмекке келуге дайын арнайы қызмет бар екенін біледі, тек "112"нөміріне қоңырау шалу керек