
Бүгін таңертең облыс орталығының тұрғындарын қаланың бір ауданында бұрқырап жатқан түтін мазалады.
Белгілі болғандай, жеке меншік үй өртеніп кеткен. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер бөлімшелері дереу тұрғын үй-жайды және үй шатырының астында тұрған шаруашылық құрылысты сөндіруге кірісті.
Өрт 90 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала себептер - отты абайсызда пайдалану және қасақана өртеу.
Өрт кезінде дереу «101» телефоны арқылы хабарлауға.