Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

«Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының ақпараты бойынша қар жамылғысының тұрақсыздығына  байланысты 18 сәуірден 22 сәуірге дейін аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.  Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса –ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.