Пештің жарылуы көміртегі тотығымен улануға әкелді

Пештің жарылуы көміртегі тотығымен улануға әкелді

15 сәуірде Өскемен қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны медициналық мекемеге улы газбен улану белгілерімен түсті. Белгілі болғандай, Бажов көшесіндегі үйде жарықтар мен саңылаулар болған пеш жағылды.
Нәтижесінде улы газ бүкіл тұрғын үйге таралды.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.Жарылған пештерді пайдаланбаңыз және мұржаларды уақтылы тазалаңыз.