Қазақстан Республикасы ТТөтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Шығыс Қазақстан облысына келді.

Қазақстан Республикасы ТТөтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Шығыс Қазақстан облысына келді.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин Шығыс Қазақстан облысына келді. Ол болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құрылған жедел штабтың құрамына кіретін азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен кеңес өткізді. Қаһарман Оразалин өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен, су басу қаупі бар аймақтардағы мониторинг және жағдай ушығып кеткен жағдайда күштер мен құралдардың дайындығымен танысты.
Алдағы күндері жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы су басу қаупі жоғары аймақтарды аралап, су тасқынын әуеден визуалды тексеруге қатысады.