
Қазіргі уақытта облыста су тасқынының бірінші толқыны аяқталуда. Алайда, өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының және ылғал қорының биіктігін, ауа температурасының жоғарлауы, оның ішінде түнгі уақытта және жауын-шашынның болуы мүмкіндігін ескере отырып, сәуір айының ортасына қарай екінші су тасқыны толқыны және таулы өзендерде (Бұқтырма, Үлбі, Уба, Тұрғысын, Күршім, ҚалжыржәнеХамир) су деңгейінің көтерілуі күтілуде.
Бүгінде қаржамылғысының ауданы 50- ден астам % құрайды. Көптеген аудандарда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары.
Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі.
132 гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген.
Еріген сулардың және өзендерде мұз кептелістерінің өтуіне мониторинг күшейтілді. Су тасқыны учаскелерін барлап қарау жалғасуда.
Облыста жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар әзірлікке келтірілді.