
4 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Шығыс Қазақстанда «Жүректен жүрекке» акциясы басталды.
Облыстық Достық үйі мен өңірлік волонтерлер фронт-офисінің базасында гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылды (М.Горький к-сі, 48, Н.Назарбаев даң., 68).
Көмек көрсетуге жастар және волонтерлік ұйымдар, ҮЕҰ, этномәдени бірлестіктер, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары (С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, ҚАЕУ), немқұрайлы қарамайтын азаматтар белсенді қатысты.
Көмек жинау пункттері ашылған уақыттан бастап барлығы 20 тоннаға жуық азық-түлік және азық-түлік емес заттар, «Ассамблея жастарының» волонтерлері 8 тонна азық-түлік заттарын жинады.
10 сәуірде гуманитарлық көмектің бірінші легі Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі.