Қалай құтқарушы болуға және ШҚО ТЖД қатарын толықтыруға болады.

Қалай құтқарушы болуға және ШҚО ТЖД қатарын толықтыруға болады.

ШҚО ТЖД кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының сауда орталықтарының бірінде халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Тұрғындарға құтқарушы мамандығын қалай алуға және жүргізуші лауазымына орналасуға болатындығы түсіндірілді.

Бүгінгі таңда Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы-еліміздегі «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикасы» және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» пәндері бойынша кәсіби құтқарушыларды шығаратын жалғыз жоғары оқу орны. Қабылдау емтихандары бірнеше кезеңнен тұрады. Денсаулығы жақсы болуы өте маңызды. Екіншісі-ҰБТ тапсыру, өту балы кемінде – 50, бейіндік пәндер - физика, математика болуы тиіс. Содан кейін-дене шынықтыру нормативтерін тапсыру және әңгімелесу өткізіледі.

ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушісі ретінде қызметке қалай түсу керектігін түсіндірді.

Құжаттарды қабылдау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ, улица Протозанова к. 97/1, анықтама телефоны: 8(7232) 25-07-94, электрондық мекенжайы okp_vko@emer.kz.