Риддер қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Риддер қаласының өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өртті сөндірді

Поперечное ауылының Заречная көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты. Шатырдың ағаш конструкциялары, қабырғалары, қалқалары, терезе-есік блоктары, жиһаздар, тұрмыстық техника, жеке заттар жанған. Өрт сөндіру бөлімшелері жалпы ауданы 80 шаршы метрді құрайтын өртті толығымен сөндірді. Өрттің болжамды себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

- Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды тез арада жою

-Электр торын шамадан тыс жүктемеңіз

-Ақаулы немесе ұшқын шығаратын электр сымдарын пайдаланбаңыз

Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыз.