
Ұлан ауданы,Донское ауылында тұрғын үйде көміртегі тотығынан улану нәтижесінде 1974 жылы туылған тұрғынның өлі денесі табылды,сонымен қатар 1991 жылы туылған тұрғын медициналық мекемеге жатқызылды.
Тұрғын үйде бір күн бұрын пешті жағып, содан кейін пештің мұржасының жапқышы жабылып тасталған. Нәтижесінде көміртегі тотығы үйдің ішіне таралған.
ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын ескертеді:
-Пештің, түтін мұржаларының дұрыс болуын әрқашан бақылауға алыңыз және оларды жиі тазартып отырыңыз;
-Ұйқыға кеткенге дейін бірнеше сағат қалғанда пешті жағуды аяқтауға тырысу керек;
-Пештің мұржасының жапқышын жаппау керек;
-Күл мен шлакты жанатын құрылыстардан 15 метр арақашықтықта арнайы орындарға ғана төгу қажет
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмерлері арқылы хабар беріңіздер