
Үйдегі өрт туралы жедел қоңырау Риддер қаласынң өрт сөндірушілеріне Үльбинская көшесінен түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері 56 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Апат болғандар және зардап шеккендер жоқ.
Өрттің болжамды себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД азаматтардан:
- ескі электр сымдарын тез арада ауыстыруды
- жөндеуді тек арнайы мамандарға сеніп тапсыруды
- электр желісін шамадан тыс жүктемеуді
- кетерде электр құралдарын өшіруді сұрайды.
Өрт болған жағдайда «101» және «112» телефондарына хабарласыңыз.