
2024 жылдың 7 сәуірде ШҚО жедел штабының кезекші пультіне Алтай ауданы Богатырев ауылының тұрғыны қоңырау шалып, тұрғын үйді су басқанын хабарлады.
Оқиға орнына Алтай ауданының әкімі, ШҚО ТЖД, коммуналдық қызметтердің мамандары келді.
Бұқтырма өзенінде жер асты суларының көтерілуіне байланысты 2 тұрғын үйді ішінара су басу орын алғаны анықталды.
ШҚО ТЖД күштерімен, жергілікті атқарушы органдармен,#68303 ә/б әскери қызметшілерімен су бұру және аумақтарды үйіп тастау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлығы жеке құрамның 47 адамы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. Су деңгейі төмендеуде.
Елді мекенге қауіп жоқ.
Екі үйде 4 адам тұрады. Олар эвакуациядан бас тартты және қазіргі уақытта туыстарына орналастырылды.
Қазіргі уақытта ауылда суды бұру және аумақтарды үйіп тастау бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және бұзушылықтарды болдырмау мақсатында кезекшілік ұйымдастырып, бекеттер қойды.
Бір күн бұрын облыста қатты жылыну салдарынан дауыл туралы ескерту жарияланды. Тәулік бойы 112 жедел желісі жұмыс істейді.