Куәгерлер мұзда балықшыларды құтқарды

Куәгерлер мұзда балықшыларды құтқарды

06 сәуірде Ұлан ауданында Сібі көлдерінде екі балықшыны жақын маңдағы адамдар құтқарды. Балықшының бірі мұз үстінде жүріп келе жатып, мұз астына түсіп кетті. Өскемен қаласының тұрғыны Александр Алексеев мұны байқап, абдырап қалмады және апатқа ұшыраған адамға торсты лақтырып жіберді, оның көмегімен ол балықшыны жағаға шығарды. Құтқарылу оқиғасы мұнымен аяқталған жоқ, көлден үйге кетуге жиналып, Александр және басқа куәгерлер сәтсіздікке ұшыраған тағы бір адамды байқады. "Мен ер адамға мұз бетімен еңбектеп жүр деп айтым, содан кейін көмек көрсеткен ер адамдармен бірге құтқару үшін арқан мен шананы ер адамға қарай лақтырдық" Сәтсіздікке ұшыраған адам қорықынышын жеңіп, шанаға жеткенде, біз басқа куәгерлермен бірге оны қауіпсіз аймаққа шығардық», - деді Александр.

ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Көктемгі мұз өте қауіпті. Жылымық мұздың беріктігін төмендетеді. Кез келген уақытта аяғыңыздың астындағы мұз түсіп кетуі мүмкін. Өз өміріңізге қауіп төндірмеңіз.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.