Шығыс Қазақстанда қар жамылғысы 61% құрайды

Шығыс Қазақстанда қар жамылғысы 61% құрайды

Өңірде дауылды ескерту жарияланды. Болжам бойынша қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Облыста қардың белсенді еруі жүріп жатыр, сендықтан су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Облыстағы су қоймалары тәулік бойы бақылауда.
Құтқарушылар су басу қаупі бар аймақтарда тұратын тұрғындарға су тасқыны кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері бойынша нұсқау берді.
Риддер қаласы, Катонқарағай, Шемонаиха, Марқакөл, Глубокое аудандары, сондай-ақ Үлкен Нарын және Алтай аудандарында қауіп болуы мүикін.

Алтай өңірінде профилактикалық жұмыстарға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты No68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қосымша тартылды.
Айта кету керек, облыста су тасқыны болуы мүмкін аумақтарды қоса алғанда, барлық ықтимал қауіптер картасы әзірленді.
Жағдай ушығып кеткен жағдайда жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарынан 2270 адам, 732 техника, сондай-ақ 61 жүзу құралдары мен 234 мотопомпа жасақталды.
Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жалпы сыйымдылығы 17 мыңнан асатын 153 уақытша орналастыру пунктін анықтады.

Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.