
Көктемде беткейлерден қардың өздігінен түсуі жауын-шашынның көптігінен, ауа-райының өзгеруінен және еріген сулардан қар жиналған кезде пайда болуы мүмкін.
Бүгін, көптеген көшкін қаупі бар ошақтар бар «Өскемен-Тарғын-Самар» автожолымен өтетін жүргізушілерді қорғау үшін, «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары 95-102 шақырымға қар көшкінін түсірді. Нәтижесінде 2350 текше метр қар түсірілді.
«Көктем – көшкін уақыты екенін атап өткім келеді, облыс бойынша дауылды ескерту жарияланды. Қазір тауларда бұл өте қауіпті. Құтқарушылар мен «Қазселденқорғау» мамандарының ескертулеріне құлақ асуды және тауға шығудан бас тартуды сұраймыз»,- деп «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков атап өтті.
Дауылды алдын туралы ескертулерді «Дармен» мобильді қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөмірі бойынша хабарлау қажет.